Оқиғалар күнтізбесі
Мерекелік шаралар
5 мамыр
11.00 Республика алаңы. «Алау» жас жауынгерлердің қалалық саптық байқауы
18.30 Жамбыл атындағы облыстық драма театры. «Отан үшін» спектаклі
5-15 мамыр
Қала кітапханаларындағы іс-шаралар
6 мамыр
Славский атындағы жағалау. Жеңіл атлетикалық марафон.
18.30 Жамбыл атындағы облыстық драма театры. «Камей үшқан» спектаклі
7 мамыр
«Ақбарс» ССК. Стендтік атыс бойынша ардагерлер спартакиадасы
«Ақбарс» ССК.Стендтік атыс бойынша ашық қала біріншілігі
12.00 Даңқ мемориалы. Облыстың қалалары мен аудандарының делегацияларымен мәңгілік алауға гүл қою
№ 5518 әскери бөлімі. № 5518 әскери бөлімінде және Ахмер гарнизонында ашық есік күні
12.00 ММҮ алдындағы алаң. «Казцинк» АҚ ардагерлері үшін «Майдан даласындағы жер үй», «Жорық ас үйі» мерекелік концертері.
15.00 С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 5 ғимараты. ҰОС жеңістің 64-жылдығына арналған салтанатты жиын
8 мамыр
14.00 ММҮ алдындағы алаң. ММҮ өнер ұжымының мерекелік концерті
16.00 ММҮ алдындағы алаң. Мерекелік би кеші
19.00 «Жастар» саябағы. «Өз шырағыңды жақ» акциясы
8-9 мамыр
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.ҰОС ардагерлері және тыл еңбеккерлері, Ахмер гарнизоны әскерлері үшін ашық есік күндері
9 мамыр
9.00. Е. Славский атындағы жағалау. «Ең шапшаң көлік» авторалли
10.00. Даңқ мемориалы. Мәңгілік алауға салтанатты гүл қою
11.00 Республика алаңы.ҰОС жеңістің 64-жылдығына арналған салтанатты шеру
10.00 Қалалық ипподром. Ұлттық ат спорты бойынша ашық қала біріншілігі
Е. Славский атындағы жағалау. Жеңілатлетикалық кросс.
Комсомол аралы. Спорттық бағдар бойынша қала біріншілігі
12.00 Республика лаңы. «Жеңіс желі» Театраландырылған концерт
12.00 Жамбыл атындағы саябақ. «Солдаттық ботқа» және мерекелік концерт
19.00 Республик алаңы. ҰОС жеңістің 64-жылдығына аоналған мерекелік ретро-бағдарлама
18.30 Жамбыл атындағы облыстық драма театры. «Чайка» спектаклі
21.00 Республика алаңы. Мерекелік от шашу
10 мамыр
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы. Кенигсберг үшін шайқасқа қатысқандармен кездесу
Қазақстан Республикасының ресми мерекелері
Қазақстан Республикасының ресми мерекелері
Қаңтардың 1-2-і Жаңа жыл
Түпкі негізі көшпелі түркі халықтарының көне дәстүрлерінен бастау алатын шығыс күнтізбесі бойынша 2008 жыл Тышқан жылы – мүшел есебінің бірінші жылы, доңыз жылынан кейін сиыр жылының алдында келеді. 12 жылда бір рет қайталанып тұрады. Тышқан жылы Азия халықтары күнтізбесінің көпшілігінде қолданылады. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, т.б. жұрттарда ол наурыздың 22-інде енеді. Тышқан әлем халықтарының көпшілігі үшін байлық символы.
Наурыздың 8-і Халықаралық әйелдер күні
Алғашқыда бұл мерекенің саяси маңызы болды. 1910 жылы Копенгагендегі әйел социалистердің халықаралық конференциясында герман және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша 8 наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. 1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды.
Наурыздың 22-і Наурыз мейрамы
Көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша наурыз ай аты емес, тек бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бұл айды соғдалықтар «наусарыз», хорезмдіктер «наусарджи», армяндар «навасарди», чуваштар «норас-ойахе» деп атаған. Қазақстанда кеңес заманында талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынды. Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы Қазақстанда 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады. Оның жаңғыруына көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібеков көп еңбек сіңірді.
Мамырдың 1-і Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1996 жылдан бастап атап өтіледі. 100-ден астам ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін бұл мереке дәстүрлі мейрамдардың біріне айналды.
Мамырдың 9-ы Жеңіс күні
Кеңестер одағы халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысында жеңіске жеткен күні. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады.
Соғыс кезінде көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары мен Мәскеу, Ленинград, Киев және басқа да қалалардың оқу орындары Қазақстанға қоныс аударды. Олардың ішінде физиология, микробиология, биохимия, шығыстану институттары болды.
Бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақтар алды. Олардың бесеуі – бір, төртеуі – екі, екеуі – үш орденмен марапатталды. Бес дивизия гвардиялық аталды, олардың ішінде Кеңес одағының Батыры И.В.Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық дивизия бар. Жалпы Ұлы отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес одағының Батыры атағын алды. 1990 жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес одағының Батыры атағы қолбасшы Бауыржан Момышұлына берілді. 1941 жылы аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған атқыштар батальоны мен И.В.Карпов басқарған 1075-атқыштар полкі Мәскеу түбінде ай бойы үздіксіз ұрыстар жүргізе отырып, өз позицияларын сақтап қана қоймай, сонымен қатар дұшпанға қарсы пәрменді шабуылға шығып отырды. Төрт қазақстандық Т.Ж.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және С.Д.Луганский 2 мәрте Кеңес одағының Батыры атанды. Ұрыс кезінде қаза тапқан пулеметші М.Мәметова және мерген Ә.Молдағұлова Батыр атағын алды. Батыр атағын алғандар қатарында атқыштар Т.Тоқтаров, С.Баймағамбетов, С.Лутфиллин, Мин Сен Юр, артиллеристтер С.Мүткенов, И.К.Новиков, ұшқыш Н.Әбдіров, минометші Қ.Сыпатаев, атты әскер М.М.Қаратаев, сапер П.И.Гончаров, политрук М.Ғабдулин, торпедалық катер командирі Б.П.Ущев және басқалар бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері болды. Рейхстагқа шешуші шабуылға шыққан және Жеңіс туын тіккендердің ішінде қазақстандық Р.Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Е.Вицько, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.
Тамыздың 30-ы Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданған күн
1995 жылы республикалық референдумда елдің жаңа Конституциясы қабылданды. Ата Заңымызға сәйкес, Қазақстан Республикасында президенттік билік жарияланды.
Қазанның 25-і Республика күні
1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды.
Желтоқсанның 16-ы Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні желтоқсанның 16-17-і күндері атап өтіледі. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.
Желтоқсанның 17-і Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні
1991 жылы желтоқсанның 12-інде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды. Сонымен қатар аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-і – Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.
|